Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қаны үйренген жоқ": Жұлдыз Өмірғали жұбайы Айқынның қызғанышы әлі басылмағанын айтты

Опубликовано:

Айқын Төлепберген, Жұлдыз Өмірғали
Айқын Төлепберген, Жұлдыз Өмірғали. Фото: instagram.com/aikyn

Актриса Жұлдыз Өмірғали өзі түскен толықметражды фильмнің көрсетіліміне жалғыз келді. Бұл туралы NTK Entertainment бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жұлдыздың жабық көрсетілімге жалғыз келуінің себебі бар. Күйеуі Айқын балаларды қарап, үйде қалған.

Ал жаңадан шыққан фильмде шымкенттік жігіттің әйелі болып ойнайтын Жұлдыз Өмірғали күйеуінің қызғанышы әлі басылмағанын жеткізді.

"Үйренгенде... Енді оның әлі қаны үйренген жоқ. Ер адам болған соң, отбасы болған соң, қызғаныш сезімі болады. Сценаристерге рахмет. Құшақтасу, сүйісу деген сахналар болған емес. Барлығы қарапайым. "Жаным, жаным" деп сөйлейтіні бар", - деді Өмірғали.

Айта кетелік, бұған дейін Айқын Төлепберген жұбайы Жұлдыз түсетін фильмдерді ерекше зерттеп, оның ашық сахналарға түсуіне рұқсат бермейтінін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034460-qany-uirengen-zoq-zuldyz-omirgali-zubaiy-aiqynnyn-qyzganysy-ali-basylmaganyn-aitty/

pixel