"Алатын болсаң, ал!": Жеңіс Ысқақова күйеуін АХАЖ бөліміне өзі қалай алып барғанын айтып берді
Жарияланған күні:
Әнші Жеңіс Ысқақова күйеуіне АХАЖ бөліміне барып, заңды неке қидыруға өзі ұсыныс айтқан. Өнер иесі "Төрлетіңіз" бағдарламасында қалай тұрмысқа шыққанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Менің жолдасым әскердегі сарбаз. Мені теледидардан көреді. Оның балалары ұзын болуы үшін ұзын қызға үйлену арманы болған. Мені көріп, "Осы қызбен таныссам, қандай жақсы" дейді. Әскерден келіп, дене шынықтыру институтын бітіріп, курстасыммен жатақханада көрші боп тұрады. Бір күні курстасымнан менімен таныстыруды сұрайды. Менің күйеуім спортшы. 90-шы жылдары спортшылардың қандай екенін білесіздер, курстасым таныстырмай қояды.
Құрбым екеуіміз "Көк базарға" жаңа жылға дайындалу үшін барамыз. Адам менсінбей өтіп бара жатсам, бір жігіт қарайды. Менің жанымдағы қыз бен оның жанындағы жігіт таныс боп шығып, жатақханаға келеді. Кейін менімен танысады. Солай күндер өтіп, маған сөз айтты. Мен "Көреміз" деймін", - деді Жеңіс Ысқақова.
Сонымен қатар әнші күйеуін АХАЖ бөліміне өзі шақырғанын айтты.
"Солай жүріп мен 25 жасқа келемін. Ешкіммен кездеспеймін. Бар арманым сахна, гастроль, "Гүлдер" ансамблі болды. Әпкем "Жеңіс, саған күйеуге шығу керек қой" деді. Мен жақсы кандидат бар, арақ ішпейді, темекі шекпейді, спортшы дедім.
Содан оған "Кеттік, АХАЖ бөліміне барамыз" деймін. Ол "Тұра тұр. Алдымен бірге тұрып көрейік. Сосын ары қарай көреміз" дейді. Мен "Кешіріңіз, мен бірге тұрып көрмеймін. Мен тиемін немесе тимеймін. Мен Қызылорданың қызымын. Менде уақыт жоқ, 25 жастамын. Маған бала туып, өлең айту керек. Алатын болсаң, ал! Алмасаң, уақытты ұстама, сау бол" деймін.
Сосын оның қолынан жетектеп, жатақханасына барып, құжатын аламыз. Сөйтіп АХАЖ бөліміне барамыз", - деді жан сырын ақтарған Жеңіс Ысқақова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034469-alatyn-bolsan-al-zenis-ysqaqova-kuieuin-axaz-bolimine-ozi-qalai-alyp-barganyn-aityp-berdi/