Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екінші қызын өмірге әкелген Айсәуле Бақытбек сәбиін қырқынан шығарды (фото)

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек
Фото: instagram.com/aissaulebakytbek

Танымал блогер Айсәуле Бақытбек екінші қызы Сәттіні қырқынан шығарды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Ол желідегі парақшасында салтанатты жиыннан фото, видеолар жариялаған.

"Менің жидегім", - деп жазды Айсәуле Бақытбек.

Суретті көрген оқырмандар сәбиге бақыт тілеп, есімінің ерекше екенін жарыса жазды.

"Құтты болсын! Қалай риза болып отырмын таза қазақша ат қойғанына,таза қазақ тілінде жазылғанына!", "Уақыт қалай жылдам, кеше ғана босанған секілі еді", "Құтты болсын, сұлу Сәтті қызымыз бақытты болсын!", "Отбасыңа тек қуаныш, бақыт әкелсін", "Есімі ерекше екен", "Маған да бұйырсын", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетсек, Айсәуле Бақытбек 20 шілде күні екінші қызын өмірге әкелді. Бұл жаңалықты көпшілікке актриса Аша Матай бөліскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034586-ekinsi-qyzyn-omirge-akelgen-aisaule-baqytbek-sabiin-qyrqynan-sygardy-foto/

pixel