Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пәк қыз керек": болашақ жарына қойған талабымен елді шулатқан Еркебұлан Тоқтардың жазбасы қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Еркебұлан Тоқтар
Еркебұлан Тоқтар. Фото: instagram.com/erkebulan_toktar

Отандық актер Еркебұлан Тоқтар осыдан біраз уақыт бұрын өзіне болашақ жары ретінде пәк қыз керек екенін айтқан болатын. Пікірі қоғамда қызу пікірталасқа түскен актер Instagram парақшасында қалыңдық көйлегін киген арумен түскен суретін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бір күні мен де кетем ғой", - деп жазды Еркебұлан Тоқтар.

Суреттен қалыңдық көйлегіндегі ару мен актерді көруге болады.

Желі қолданушылары Еркебұлан Тоқтардың бұл жазбасын қызу талқыға салды.

"Қанша қызды үміттендірмей, үйлен", "Қыздар көлігіңді бүлдіріп кетпесін", "Бақытты бол", "Саған тұрмысқа шыққан қыздың арманы жоқ шығар", "Бақытты бол", "Кім екенін білеміз", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Еркебұлан Тоқтар болашақ жары ретінде пәк қыз керек екенін ашып айтқан болатын.

"Мен қазір таңдап жүрмін. Мінезіме сай келмей қалады. Көбіне бір себеппен сай келмей қалады. Маған пәк қыз керек. Жоқ, білмеймін таппай жүрмін. "Неге?" деп сұрайды қыздардың көбісі. Менің талғамым сол. "Маған көзі көк қыздар ұнайды" десем, "Неге" деп сұрамайды ғой.

Менің талғамым сондай, маған сондай қыз керек. Ол менің таңдауым. Мен тікелей сұрап, басын бірден ашып аламын. Басын бірден ашып аламын. Өйткені уақытымды құртқым келмейді. Мен оның жағдайын жасаймын, уақытымды құртамын, жұмысымды тастаймын. Мен онымен үйленбейтін болсам, уақытымды құртып не істеймін?", - деген болатын актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034646-pak-qyz-kerek-bolasaq-zaryna-qoigan-talabymen-eldi-sulatqan-erkebulan-toqtardyn-zazbasy-qyzu-talqyga-tusti-foto/

pixel