jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Салым қоры - 25 млн теңге": Мейрамбек Бесбаев Таразда көкпар өткізбек (фото)

    Мейрамбек Бесбаев
    Мейрамбек Бесбаев. Фото: "Алғашқы" бағдарламасы

    Әнші Мейрамбек Бесбаев күзде Тараз қаласында көкпар өткізеді. Өнер иесі ұзақ ойлана келе неліктен бұлай шешім қабылдағанын Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Қадірлі, ардақты, ағайын! Ат - ер қанаты. Атқа қонған палуанның ықыласын, елдің тілеуін тілеген ел-жұрт "Үлкендердің батасын қашан аласың? Мейрамбектің көкпарын қашан тартамыз?" деген сауалды көп қояды. Алғашында "Бос мақтан үшін" деп ел сөгер, "Босқа мал шашып жатыр" деп айтар деген күмәнмен келіспей жүр едім. "Көкпар көптікі ғой" деген тілеулес дос-жаран бір шешімге келтіріп, "салым" дейтін олжа қорын өздері көтеріп отыр.

    Салым қоры - 25 млн теңге. "Ол қаржыны неге қайырымдылыққа жұмсамайды" деп алдын-ала сөкпеңіздер. Қайрымдылықты көкпарға дейінде жасап келем, көкпардан кейінде жасала береді. Ал несібесі мен еңбегі көкпарға байланған азаматтарды менің де елеуім заңдылық шығар. Сол үшін сіздердің рұхсат-мұрсаттарыңызбен тәуекел еттім. Ұлттық дәстүріміз бен спортымызға қосқан тамшыдай үлесімді қабыл алыңыздар. Ала қаласа 17 қарашада Тараз қаласында өтеді. Төрт көзіңізді түгел күтемін. Ел іргесі аман болсын", - деп жазды Мейрамбек Бесбаев.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Әбдіжаппар Әлқожа көкпар өткізген болатын.

    "Салым қоры - 25 млн теңге": Мейрамбек Бесбаев Таразда көкпар өткізбек (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.