Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұзақ уақыт сахнаға шықпаған Нұржан Қалжан алғаш рет әйелін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Нұржан Қалжан
Нұржан Қалжан. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

"Бұлбұл құсым" әнімен халыққа танылған әнші Нұржан Қалжан алғаш рет отбасын көпшілікке көрсетті. Әншінің жанұясымен түскен суретті журналист Анна Данченко жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әнші "Жұлдызды шаңырақта" жобасының жаңа маусымына түскен. Бұл жобада танымал адамдардың отбасына саяхат жасап, олардың баспанасын көпшілікке көрсетеді.

"Ал Бисмиллях деп, "Жұлдызды шаңырақта" жобасының жаңа маусымын бастадық.

Нұржан Қалжан алғаш рет отбасымен таныстырды", - деп жазды Данченко.

Айта кетелік, Нұржан Қалжан он жылдан бері сахнадан не үшін алшақтағанын айтқан болатын.

"Жалпы, эстрада, той біздің алғашқы жұмысымыз. Ал кәсіпке уақытымыз да, ойымыз да болмаған. Карантин кезінде бәріміз ойланып қалдық. Аяқ асты карантин сияқты дүние болса, "Өнер адамдары аштан қалады екенбіз ғой" деген ойға келдік. Содан кейін бір кәсіп ойластыру керек дедік. Келіншегім кішігірім кәсіппен айналысады", - деді Нұржан Қалжан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034749-uzaq-uaqyt-saxnaga-syqpagan-nurzan-qalzan-algas-ret-aielin-korsetti-foto/

pixel