Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жан дүниеме керексің": Әбдіжаппар Әлқожа жұбайына туған күнінде көлік сыйлады (видео)

Жарияланған күні:

Әбдіжаппар Әлқожа
Әбдіжаппар Әлқожа әйелімен. Фото: instagram.com/mika_raisova

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа жұбайын туған күнімен құттықтап, көлік сыйлады. Өнер иесі әйеліне жасаған тосынсыйын Instagram парақшасында көпшілікке бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Махаббатымның бәйбішесі, туған күнің құтты болсын. Үйленгенімізге 9 жыл болды. Тоғыз жылда сені бір де бір жыл дұрыс құттықтап, жаныңда болмаппын. Осы жылы, осы жолы барынша қуантуға тырыстым. Сен менің жан дүниеме керексің, оригиналым", - деп жазды әнші.

Видеодан Әбдіжаппар Әлқожа мен достарының әншінің жұбайын күтіп алып, құшақ-құшақ гүл ұсынғанын байқауға болады. Осыдан соң әнші әйеліне көлікті сыйға тартады.

Желі қолданушылары Әбдіжаппардың отбасына бақыт тілеп, жылы лебізін жаудырды.

"Бақытты болыңыздар", "Төрт баланы дүниеге әкеліп, жұбайының еркелігін көтерген әйелге не сыйласа да жарасады", "Жұптарың жазылмасын", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034781-zan-dunieme-kereksin-abdizappar-alqoza-zubaiynyn-tugan-kunine-kolik-syilady-video/