Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызғалдақтарымның анасы": Бағлан Әбдірайымов жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады (фото)

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов әйелімен
Бағлан Әбдірайымов әйелімен. Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов жұбайын туған күнімен құттықтап, лебіз білдірді. Өнер иесі әйелі Розаға арнаған жүрекжарды тілегін Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қуансам - қуанатын, мұңайсам - мұңаятын, өмірлік сенімді серігім! Қызғалдақтарымның анасы, туған күніңмен. Дүние тұрғанша жаса. Алланың адам баласына қалаған жақсылығының дәмін бірге көрейік. Құттықтаймын", - деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Айта кетейік, "Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов 2010 жылы шаңырақ көтерген. Әншінің жұбайы Роза Айтпаева осыған дейін Бағлан Әбдірайымов тұрмысқа шығу туралы ұсынысты қалай жасағанын баяндап берген болатын.

"Бағланға тұрмысқа шығамын деп мүлде ойлаған емеспін. Досым ретінде баратынмын. "Жігіттер" тобының мүшелерімен бірге барып тамақтанатынбыз", - деген болатын әншінің әйелі Роза Айтпаева.

Бағлан Әбдірайым
Бағлан Әбдірайым: instagram.com/baglan_abdraimov_official

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034913-qyzgaldaqtarymnyn-anasy-baglan-abdiraiymov-zubaiyn-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-foto/

pixel