"Бақытын түйірлеп жинаған әйелмін": Тамара Асар жантебірентерлік жазба жариялады (видео)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Тамара Асар осыдан екі жыл бұрын ана атанып, өмірге қыз әкелген болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында жантебірентерлік жазба жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің айтуынша, бүгін қызы екі жасқа толған. Осы орайда Тамара Асар ең алғаш қызын кеудесіне басқан сәтті еске алды.
"Мен бақытын түйірлеп теріп жинаған әйелмін ғой. Құбылаға қарап жайған алақанымды Құдай бос қайтармады, шүкір! Ажартайды босанған бойда дәрігер әкеліп, кеудеме баланы қоя салып, омырауды алуды үйретті. Өзім дірілдеп жатып, көзімнің жасымен жарысып, ыңылдаған әлди әнімді айттым.
Бір Алланың бергені, Бапасынан көргенім.
Аққамбарға ергенім, Жүгіріп-жүгіріп тергенім дееп шалқамнан жатып қайталай бердім. Бетімді жуған жас құлағымды бітеп, тамып жатты", - деп жазды Тамара Асар.
Естеріңізге сала кетейік, 45 жасында ана атанған Тамара Асар жүктілігі жайлы айтуға ұялғанын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034977-baqytyn-tuiirlep-zinagan-aielmin-tamara-asar-zantebirenterlik-zazba-zariyalady-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.