Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев қызды болды (фото)

Опубликовано:

Ердос Қанаев
Ердос Қанаев. Фото: instagram.com/erdoskanaev

"Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев қызды болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Өнер иесі қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сүйінші! Қасиетті жұма күні қызды болдым. Өмірге кесте тігерім келді, ағайын", - деп жазды Ердос Қанаев.

Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді.

"Бауы берік болсын", "Алла өмірімен берсін", "Ғұмырлы ұрпақ болсын", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ердос Қанаев өзін күтіп отырған анасының видеосын жариялап, көпшілікті сүйсінткен болатын. Әншінің анасына құшақ жая жүгірген сәті желіге тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034994-zigitter-tobynyn-ansisi-erdos-qanaev-qyzdy-boldy-foto/

pixel