Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Танымай қалдым": шетелде жүрген Ақбота Керімбекова демалыстан суретін жариялады (фото)

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: instagram.com/botakerim

Әнші Ақбота Керімбекова қазіргі уақытта Вьетнам елінде демалыста жүр. Саяхатынан сурет жариялаған әншіні көпшілік танымай қалғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Демалыс жақсы ғой, шіркін! Бірақ, қанша жерге барсам да, өз еліңе, өз үйіңе жетпейді. Сіздерде қалай? Ең бастысы, амандық болсын", - деп жазды әнші Instagram парақшасында өзі бөліскен сурет астына.

Сонымен қатар әнші Вьетнамның Нячанг қаласында жүргенін әлеуметтік желіде белгіледі.

Ал желі қолданушылары әншінің су жаңа суретін қызу талқыға салып, пікір білдірді.

"Әлі шетел көрмедік. Демалған жақсы ғой", "Керемет", "Бақытты болыңыз", "Танымай қалдым", "Әдемі", "Сұлуланып кетіпсіз", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, осыған дейін Ақбота Керімбекова үлкен ұлының әйелімен ажырасып кеткенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035269-setelde-zurgen-aqbota-kerimbekovanyn-sureti-zelide-qyzu-talqyga-tusti-foto/

pixel