"Тағдыр басқа жаққа бұрып кетті": Наркенже Серікбаева жиырма жылдан соң алғашқы махаббатына күйеуге шықты
Жарияланған күні:
Наркенже Серікбаева екінші рет тұрмыс құрып, екінші некесінен өмірге қыз бала әкелді. Әнші өзінің ең алғашқы махаббатына арада жиырма жыл өткенде тұрмысқа шыққан, деп жазады "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Ол кісі өнер адамы емес. Өнер адамының жолдасы. Өнер адамының Алладан кейінгі қолдаушысы, демеушісі.
Ол - менің ең алғашқы махаббатым. Түлкібас станциясында мен алма сатқам. Алма да саттым, домбыра да саттым. Сөйтіп жүргенде ол кісі де алма сатты. Махаббатымыз теміржолда басталған.
Екеуміз бір жарым жыл жүріп, бізді қосылады-ау деп жүргенде тағдыр бізді басқаша бұрып кетті. Мен тұрмысқа шығып кеттім, ол екі жылдан кейін үйленеді. Содан кейін арада 20 жыл өтеді.
Арасында жолығып, шай ішіп отырамыз. Бірақ махаббат жайлы мүлде айтпаймыз. Мен концертке барғанда шайға шақырады. Ол кезде бірінші жолдасыммен ажырасып кеткем. Оның отбасы бар.
Солай арада 20 жыл өтті. Бір күні құдалықта жүргем. Администратор қыз: "Хамит деген ескі досыңыз телефон шалды", - деді. Жүрегім дүрсілдеп кетті. Бір жағынан, той ұйымдастыратын Мереке Хамит деген жігіт те бар еді. Мүмкін, сол қалжыңдап тұрған шығар дедім.
Бұл кезде арада он жылдай үзіліс болған. Оның жанұясы бар. Қайтадан хабарласып едім: "Кенже, мен ғой", - деді. Жүрегім аузыма тығылды. "Сол Хамитпын ғой", - деді. Құдалықты ұмытып кеттім. Сол күні кездесуге шақырды. Бірақ ойланып қалдым. Отбасылы адам ғой... Ватсаптан жазып, кездеспейтінімді айттым. Сөйтсем ол да ажырасып кетіпті. Ажырасқанына бес жыл болған.
Қызыма айтып едім, ол танитын адам болса неге бармасқа деді. Осылайша, сол күні кездесіп, шай ішіп, кейін үйленетін боп шештік. Қызылордаға алып барды, қайынапам басыма орамал салды. Солай үйлендік", - деді Наркенже Серікбаева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035319-tagdyr-basqa-zaqqa-buryp-ketti-narkenze-serikbaeva-ziyrma-zyldan-son-algasqy-maxabbatyna-kuieuge-syqty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.