jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Азғырушылар аз болған жоқ": Гүлзира Айдарбекова ортаншы келініне жантебірентерлік жазба арнады

    Айгерім Саркенова енесі Гүлзира Айдарбековамен
    Айгерім Саркенова енесі Гүлзира Айдарбековамен. Фото: instagram/sarkenova.aigerim

    Продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы ұлы Аянның келіншегі Айгерімді туған күнімен құттықтады. Ол желідегі парақшасына жүрекжарды тілегін қалдырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Айналдым ақ келінімнен! Жаным сол, бүгін сенің туған күнің! Алла саған ғұмырлы да мәнді ұзақ өмір жазсын!

    Менің түсінгенім, өмірлік жарын жүрегінің пәктігімен шын сүйген келін, күйеуінің ата-анасын, өзінің ата-анасындай, оның бауырларын өз бауырындай уақыт келе қабылдай біледі екен. Ата-анаға деген құрметті бізге сезіндіре алғаның үшін, бізге деген жылылығың үшін біз сені отбасымызбен жақсы көреміз.

    Оны бақылап отырған оқырмандарым да сені көп мақтай бермесем де байқап жатқандары шындық. Мақтауға тұрарлықсың, тек көз тимесе екен деген ниетпен… мақтануға қорқақтайтыным рас.

    Азғырушылар да аз болған жоқ, бірақ соның бәріне жол бермей, даналығын айтып, тектілігімен көрсетіп, тәрбие беріп отырған, сені өмірге алып келген Дана құдағиыма, Алихан құдамызға мың алғыс! Аян екеуің 100 жасап, ұрпақтарыңның бақытын көруді жазсын Алла", - деп құттықтауын білдірді Гүлзира ханым.

    "Азғырушылар аз болған жоқ": Гүлзира Айдарбекова ортаншы келініне жантебірентерлік жазба арнады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.