Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамақ, фуршет: Ninety One тобының концертіне VIP билеттер 1 миллион теңгеден сатылып кеткен

Опубликовано:

"91" тобы
"91" тобы. Фото: instagram.com/ninetyone

Жастар арасында кеңінен танылған Ninety One тобы ұжымның құрылғанына сегіз жыл толуына орай үлкен концерт берді. Аталған концертке VIP билеттер 1 миллион теңгеден сатылған, деп хабарлайды NTK Entertaiment.

Ninety One тобы жеке шығармашылық кешке арнап бір миллион теңгелік билеттерді сатылымға шығарған. Белгілі болғандай, билеттер түгел өтіп кеткен.

"Вип-зонаға жағдай жасап жатыр. Тамақ, фуршет, бәрі тұр. Күшті екен", - дейді блогер Әден Марғұлан.

Ал топ мүшелерінің айтуынша, бағаны қою саясатына олар араласпапты.

Ninety One тобының концертін тамашалауға жалпы есебі 9 мың адам келді. Олардың ішінде Нұрлан Қоянбаев бастаған танымал өнер жұлдыздары да бар.

Сондай-ақ әншілер топты құрып, өздеріне жол көрсеткен бұрынғы продюсерлері Ерболат Беделханға алғысын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035420-tamaq-furset-ninety-one-tobynyn-koncertine-vip-biletter-1-million-tengeden-satylyp-ketken/

pixel