Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шындықты білуге лайықтысыздар": Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен екі жаққа кеткенін растады

Опубликовано:

Жахан Утаргалиев и Балжан Бидаш
Жахан Утаргалиев и Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде актер Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаштың айырылысып кеткені жайлы ақпарат тараған болатын. Әнші Балжан Бидаш бұл ақпаратты растап, актермен екі жаққа кеткенін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын актер Жахан Отарғалиевтің әлеуметтік желідегі жазбасынан соң көпшілік Балжан Бидаш екеуінің айырылысып кеткенін болжаған болатын.

Жахан Отарғалиев Instagram парақшасында жұбайы Балжан Бидашпен түскен видеоны жариялап, "Бәрі бітті" деп жазып қойды.

Ал Балжан Бидаш бұл ақпаратты растап, Жахан Отарғалиевпен екі жаққа кеткенін растады.

"Сіздер шындықты білуге лайықтысыздар. Осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан "рас па, өтірік па" деген ақпаратты "Біз екі жаққа кеттік" деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін.

Бұлай болғанына қарамастан, Жаханның әр бастамасын, шығармашылығын қолдаймын. Ешкімнің ала жібін аттамайтын, қазақ киносынан өз орнын тапқан еңбекқор, қайсар жан. Маңызды кезде жаныңда бола алмасам да, әрқашан қолдаймын. Саған сенемін. Бастысы халық қолдасын", - деп жазды Балжан Бидаш Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035606-syndyqty-biluge-laiyqtysyzdar-balzan-bidas-zaxan-otargalievpen-eki-zaqqa-ketkenin-rastady/

pixel