Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімді дәлелдеумен келе жатырмын": сиқыршы Мұрат Мұтырғанов әкесі жайлы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Мұрат Мұтырғанов
Мұрат Мұтырғанов. Скриншот: "Осколки" бағдарламасы

Танымал сиқыршы, әртіс Мұрат Мұтырғанов әкесімен қарым-қатынасы жайлы жан сырын ақтарды. "Осколки" бағдарламасында өнер иесі әкесі Кәрім Мұтырғановқа өкпесі барын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің әкем ұстазым болды. Мен еш жерде цирк мамандығы бойынша оқып, білім алмадым. Мұның бәрі әкемнен келген. Бізде әр күні дайындық, жаттығу жұмыстары болады. Біздің қарнымыздың тоқ болуы, костюмдеріміз анамыздың жұмысы еді.

Менің әкем жақсы әке бола алмады. Ол керемет ұстаз болды. Цирк жұмыстарына қатысты ол мінсіз адам еді. Ал әке ретінде көп қателіктер жіберді. Ол мені ұратын кездері де болды. Бірнеше рет аяғымнан белбеумен ұрған болатын. Мен қазір 39 жастамын. Бірақ әлі күнге ішімде әкеме деген өкпем бар. Біреулер үшін қайырымсыз бала боп көрінуім мүмкін.

Қазір ұлыммен құшақтасамыз, "Сен менің ұлымсың. Сені жақсы көремін" деп айтамын. Ал әкемнен не істесем де "Сен бұдан жақсы істей алатын едің", "Жақсы", "Болады" деген сөз еститінмін. Ол өзін үнемі менің ұстазым ретінде ұстады. Мен оның оқушысы секілді болдым. Мен өмір бойы әкеме өзімді дәлелдеумен келе жатырмын", - деп айтты Мұрат Мұтырғанов.

Сонымен қатар әртіс әлі күнге әкесімен жақсы қарым-қатынас құра алмағанын да өкінішпен жеткізді.

"Қазір біздің қарым-қатынасымыз жақсы емес. Мен жеке тұлға ретінде қалыптасып, өзімнің жеке мансабымды құра бастадым. Тіпті жаңа жылдық шоу ұйымдастырсам да, "Болмайтын дүние жасадың. Мен кезінде осылай істедім" дейді. Шынына келгенде, бұл өте ауыр. Бірақ, ол кісіні өзгерте алмайсың. Жасы 70-ке келді. Осыдан екі жыл бұрын анам өмірден өтті. "Әкем қазір жалғыз ғой" деп тырыссам да, әлі күнге арамызда ұрыс болады.

Жақында дүкен аштым. Ол кісі "Мен басқаша істер едім" дейді. Мен 39 жастамын. Маған "Керемет екен. Қолыңнан келді. Бірақ мына жерін дұрыстау керек" деп айтқаны маңызды. Өкінішке қарай, әкем екеуіміздің қарым-қатынасымыз мінсіз емес", - деді Мұрат Мұтырғанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035643-ozimdi-daleldeumen-kele-zatyrmyn-siqyrsy-murat-mutyrganov-akesi-zaily-zan-syryn-aqtardy/

pixel