Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақын арада хабарлайды": Галкиннің Қазақстандағы концерттері өтуі мүмкін

Жарияланған күні:

Читать на русском
Максим Галкин
Максим Галкин. Фото: instagram.com/maxgalkinru

Желіде Максим Галкин Қазақстандағы концерттеріне тыйым салынғандығы туралы мәлімдеме жасаған болатын. Алайда продюсер Алексей Пучков концерттердің болатыны туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Концерттер шынымен де өтеді. Жақын арада Максим әлеуметтік желіде бұл туралы хабарлайды", - деді Алексей Пучков.

Ол Астанадағы концерт 8 қазанда, Алматыда 9 қазанда болатынын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін әзілкеш Максим Галкин әлеуметтік желіде Қазақстанда концерттерін өткізуге "астыртын тыйым" барын мәлімдеген еді. Айтуынша, өзі және ұйымдастырушылары Астана мен Алматыда концерттерін өткізу үшін бірнеше айдан бері тырысып бағуда. Алайда әзілкеш осы күнге дейін әр түрлі кедергілерге тап болып отырғанын атап өткен еді.

Желідегі Максим Галкин мәлімдемесіне қатысты Алматы әкімдігі жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035736-zaqyn-arada-xabarlaidy-galkinnin-qazaqstandagy-koncertteri-otui-mumkin/