"Біраз қорқып қалдым": танымал виолончелист Бағжан Октябрь болашақ жарына қандай талап қоятынын айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық виолончелист Бағжан Октябрь өзіне қандай ару керектігін айтты. Өнер иесі Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Маған екеуіміздің көңіліміздің бір жерден шыққаны маңызды. Дұрыс айтасыз, көңілімнен шығу, қалауымды табу қиын", - деді Бағжан Октябрь.
Сонымен қатар өнер иесі белгісіз арудың әкесіне жазып, өзімен кездесетінін айтқанын баяндап берді.
"Әкеме бір қыз "Мен Бағжанмен күнде бірге қыдырамыз. Түнде бірге боламыз. Бензинін құйып берем" деп жазады екен. Үйге келсем, анам маған біртүрлі қарап отыр. Қарындасым күліп тұр. Негізі көп сұрақ қоя бермейді. "Сенен бірнәрсе сұрайын деп едік" дейді. Қарындасым "Өтірік қой" дейді. Ал үлкендер сеніп қалады ғой. Осыдан кейін біраз қорқып қалдым, қауіпті ғой", - деді Бағжан Октябрь.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035805-biraz-qorqyp-qaldym-tanymal-violoncelist-bagzan-oktyabr-bolasaq-zaryna-qandai-talap-qoyatynyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.