Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гендер-пати қашан": Айжұлдыз Адайбекованың суреті желіде қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова
Айжұлдыз Адайбекова. Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Актриса Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желіде "аяғы ауыр" суретін жариялады. Желі қолданушылары Жанар Айжанованың суретін қызу талқыға салуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Есікті аша алдым. Себебі, кілті менде", - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары актрисаның бұл суретіне түрлі пікір білдірді.

"Гендер-пати қашан?", "Қанша айлық?", "Қызды боласыз", "Өте әдемі жарасады екен", "Құттықтаймын", - деп жазған желі қолданушылары.

Желідегілер арасында Адайбекованың бұл жаңа фильмдегі рөлі екенін түсініп үлгергендер де бар.

"Киноға түсіп жатыр ғой", "Сәбидің кім екенін кинода көреміз", - деп жазды актрисаның оқырмандарының кейбірі

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы некесінен бір ұл тәрбиелеп отыр.

Сонымен қатар актриса жақында қайтадан үйленген бұрынғы күйеуінің отбасы құруына қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035824-gender-pati-qasan-aizuldyz-adaibekovanyn-sureti-zelide-qyzu-talqyga-tusti-foto/