Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Анар Батырхан әндерін бес жыл бойы тыңдап келген үнді азаматына тосынсый жасады (видео)

Опубликовано:

Анар Батырхан
Фото: Instagram/anarabatyrkhan

Отандық актриса Анар Батырханды үнді азаматы балаларының тұсаукесеріне арнайы шақыртқан. Бұл жайлы өнер иесі Instagram парақшасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан актрисаның жанды дауыста ән орындағанын байқауға болады.

"Бүгін бір ерекше тойға тосынсый ретінде шақыртылдым. Америкада менің әндерімді сүйіп тыңдайтын Абхишек есімді үнді тыңдарманым бар екен. Мені бес жылдың көлемінде қарап, тамсанып, "Үнді әндерін қалай шырқайтынын қарашы" деп әйеліне айтады екен.

Ұлы Яштың тұсаукесерін Қазақстанда жасайтын болғандықтан, әйелі Ақмарал мені тосынсый ретінде шақыртуды жөн көріпті. Шынымды айтсам, мен мұндай ұсынысты естігенде бірден келістім. Қуандым. Абхишектің қандай сезімде болғанын көрсеңіздер ғой. Ұмытылмас кеш. Тосынсый жүзеге асты", - деп жазды Анар Батырхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035825-erekse-toiga-saqyrtyldym-aktrisa-anar-batyrxan-undi-balasynyn-tusaukeserinde-an-aitty-video/

pixel