44 жасқа толған Мадина Сәдуақасованы күйеуі мен ұлы ерекше құттықтады (фото)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Мадина Сәдуақасова бүгін 44 жасқа толды. Өнер иесі Instagram парақшасында ұлы мен күйеуінің өзін құттықтаған сәтін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Мадиналарыңыз бүгін 18-ге толды. Жаңа жас", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары да сүйікті әншісін туған күнімен жарыса құттықтаған.
"Сізге бар жақсылықты тілеймін", "Әйел бақытына, ана бақытына бөлене беріңіз", "Жарқырай бер", "Жасай бер", "Қазақтың аруы! Туған күніңмен", - деп жазды желідегілер.
Сонымен қатар әнші әлеуметтік желіге жариялаған суреттен жұбайының құшақ толы гүлімен және ұлының анасы тортты үрлеу үшін арнайы шам ұстап тұрғанын көруге болады.
Cондай-ақ әнші парақшасында көпшілікке ұлының өзіне гүл сыйлаған сәтін де көрсетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035834-44-zasqa-tolgan-madina-saduaqasovany-kuieui-men-uly-erekse-quttyqtady-foto/