Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тілім қысқа екен": Қайрат Нұртастың әйелі тілін ұзарту үшін ота жасады (видео)

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдукәрімова фотосессияда
Жұлдыз Әбдукәрімова. Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Жұлдыз Әбдукәрімова жақында өзіне ота жасалғанын айтты. Бұл туралы ол Instagram желісінде мәлімдеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Белгілі болғандай, Жұлдыздың тіл жүгеншегі қысқа болған.

"Айтайын дегенім мынау ғой, өткенде тісімді емдетпек болып, дәрігерге бардым. Аузымды әбден шұқып болып, түрі бұзылып кеткен дәрігер "…сізбен біздің бас хирург сөйлеседі" - деді. Тісіме хирургтың қатысы қанша деп таңдандым.

Сөйтсем, менің тілім қысқа екен. 35 жыл неге үн қатпай, көп нәрсеге шыдап келгем десем. "…шешім біреу, тіліңізді ұзарту керек"- деді. (подрезание уздечки языка)

Сөйтіп, хирургтың столынан бір-ақ шықтым. Ойбайлатып, сүйегі жоқ қызыл тілді кесті де ұзартып берді. Енді менің де тілім ұзын", - деп жазды Әбдукәрімова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035924-tilim-qysqa-eken-qairat-nurtastyn-aieli-tilin-uzartu-usin-ota-zasady-video/

pixel