Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова өзін орамалына бола көп концертке қатыстырмайтынын айтты (фото)

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова өзін көп концертке орамалына бола қатыстырмайтынын айтты. Бұл жайлы өнер иесі Instagram парақшасында баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мені орамалмен көп концертке қатыстырмайды. Бұл дүниеде жалаңаш дененің абыройы орамал мен шын таланттан биік. Есесіне, ең сапалы музыканттар мені қалдырмайды.

Ұйымдастырушылар менің сахнамды алғанымен, халқымның махаббатын ала алмайды", - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова намазға жығылуына кім себепші болғанын ашып айтқан болатын.

Мөлдір Әуелбекова сторис
Мөлдір Әуелбекова сторис. Скриншот: instagram.com/moldir.auyelbekova

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова көпшілікке 2004 жылдан бері таныс. Әнші сол жылы Superstar.kz жобасының екінші маусымында бақ сынап, ондыққа дейін өтеді.

Ол 2005 жылы бірінші курста "Саф", қазіргі "Кешью" тобының іріктеуінен өтіп, топ құрамына кірді. Топ құрамында жүріп, 2010 жылы "Шығыс базары" халықаралық ән байқауының бас жүлдесін алды.

Ал 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Мөлдір Әуелбекова жеке шығармашылықпен айналыса бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036069-moldir-auelbekova-ozin-oramalyna-bola-kop-koncertke-qatystyrmaitynyn-aitty-foto/

pixel