"Керемет, сұмдықпын деп айтпаймын": Ақбота Керімбекова ене болып үлгермегенін мойындады
Жарияланған күні:
Ақбота Керімбекова "Ұйқым келмейді" бағдарламасында қонақ болып, тыңдарман сұрағына жауап берді. Ол ұлы мен келінінің екі бөлек кеткенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Ене болып үлгермей қалдым енді, айып етпейсіздер. Өмірдің заңы, тағдыр деген сияқты нәрсе бар.
Балалар бірге ұзақ тұрмады, бөлек кетті. Әр адам өз басына түскеннен кейін түсіне береді ғой, ұғына береді. Барынша, қолдан келгенше жақсы ене болуға тырыстық.
Өмірдің заңы солай. Айып етпеңіздер. Әлі де үш бала бар ғой. Жақсы ене боламын деп ойлаймын.
Қай ата-ана болсын, өзінің ұрпағының жақсы болғанын тілейді ғой. Ендігі аманат Алладан. Бәріміз де жақсы ене, жақсы апа болуға тырысайық.
Өтірік керемет, сұмдықпын деп айтпай-ақ қояйын. Шындық қой бұл", - деді Керімбекова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036186-keremet-sumdyqpyn-dep-aitpaimyn-aqbota-kerimbekova-ene-bolyp-ulgermegenin-moiyndady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.