Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отағасының шешімі": Аша Матай күйеуі Арман Қоңырбаевтың тың жаңалығын бөлісті

Опубликовано:

Арман Қоңырбаев
Арман Қоңырбаев. Фото: instagram.com/armankonyr

Тележүргізуші Аша Матай күйеуі Арман Қоңырбаевтың бизнес әлеміне бет бұрғанын айтты. "Таңшолпан" бағдарламасына келген өнер иесі жұбайының шешімі жайлы баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазіргі таңда Арман бизнеске кетіп қалды. Кәсіпкерлікке бет бұрып, отағасының шешіміне қарсылық білдірмедім. Негізі анда-санда ән жазып қоятыны бар. Бірақ біздің дуэт орала ма, жоқ па, оған жауап бере алмаймын", - деді Аша Матай.

Сонымен қатар Аша Матай өзін блогер деп санайтындардың пікірімен келіспейтінін де атап өтті.

"Мен өнер адамы ретінде қалыптасқаннан кейін, блогерлердің өмірі біздікінен басқаша секілді. Біз өнерімізді, жұмысымызды шығарамыз. Анда-санда отбасылық өмірімізді көрсетеміз. Ал блогерлерде ондай шектеу жоқ. Таңертең қалай тұрады, не істейді, кіммен кездеседі бәрін жариялап отырады. Менің ойымша, біздің айырмашылығымыз жер мен көктей.

Айта кетейік, осыған дейін тележүргізуші Аша Матай өзінің әншілік пен актрисалығы жайлы ел көкейінде жүрген сауалға жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036223-otagasynyn-sesimi-asa-matai-kuieui-arman-qonyrbaevtyn-tyn-zanalygyn-bolisti/

pixel