Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адамдар ұқсата бастады": Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің "егізі" табылды (фото)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің "егізі"
Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің "егізі". Фото: "Астарлы ақиқат" бағдарламасы

Елімізге танымал қос хитмен Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің "егізі" табылды. Асанәлі мен Нұрахмет есімді азаматтар "Астарлы ақиқат" бағдарламасында ел көкейіндегі сұрақтарға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сейітқазы Асанәлі 2002 жылы өмірге келгенмін. Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақарал ауылынанмын", - деді Қайрат Нұртастың "егізі".

Қайрат Нұртастың "егізі" - Асанәлі
Қайрат Нұртастың "егізі" - Асанәлі. Скриншот : "Астарлы ақиқат" бағдарламасы

Ал Төреғалидің "егізі" алматылық азамат болып шықты.

"Шу қаласында дүниеге келгенмін. Негізі Алматыныкімін", - деді Төреғалидің "егізі".

Төреғали Төреәлінің "егізі" - Нұрахмет
Төреғали Төреәлінің "егізі" - Нұрахмет. Скриншот : "Астарлы ақиқат" бағдарламасы

"Екеуіміз әлеуметтік желіде стримда жолықтық. Менің қолдаушыларым "Төреғалиға ұқсайтын жігітпен батл ойнашы" деп жазды. Сол жерде танысып, қазір бауыр боп кеттік.

Маған шашымды өсірмей тұрып та, мектепте, ата-анам "Қайрат Нұртасқа көзің, түрің ұқсайды" деп те айтатын. Кіші інім бар, үйде екеуміз. Қайрат Нұртаспен еш туыстық қатынасымыз жоқ. Қайрат Нұртасты өмірде көрмегенмін", - деді Асанәлі.

Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің "егізі""
Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің "егізі". Скриншот: "Астарлы ақиқат" бағдарламасы

Ал Нұрахмет өзінің әнші Төреғалиға ұқсастығын бірнеше жылдан кейін байқаған.

"Үш-төрт жыл бұрын ұқсастығымызды байқадым. Сақал қойғалы адамдар ұқсата бастады. Анам өзі Төреғалидің әндерін жақсы көреді. Мені де үйде "Төрешім" деп еркелететін. Анам үйде, әкем 15 жыл бұрын өмірден өткен. Үйде төрт бауырмыз. Екі қарындасым, бір інім бар", - деді Төреғали Төреәлінің "егізі".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036242-adamdar-uqsata-bastady-qairat-nurtas-pen-toregali-torealinin-egizi-tabyldy-foto/

pixel