Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Он мың адамға концерт берген Садрадиннің шетелден шақырған жұлдызды қонағы келмей қалды

Опубликовано:

Садраддин Болат жеке концертінде
Садраддин Болат. Фото: instagram/sadraddinn

Садраддин Болат он мың адамды "Алматы Аренаға" жинап, жеке концертін берді. Бұл туралы NTK Entertainment бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Садрадин алғашқы жеке концертін симфониялық оркестрдің демеуімен жанды дауыста өткізген.

Ал әншінің концерт беретінін естіген достары оған көмек қолын созып, Дархан Жолшыбеков қайтарымсыз 70 миллион теңге тарту етті.

Бір қызығы, концертке шақырылған шетелдік әнші келмей қалған.

"Жұлдызды қонақ шақырғанбыз. Көрермендерге тосынсый, тарту ретінде. Солай болып қалды енді," - дейді Садраддин.

Жас әншінің концертіне жақын шетелдерден, Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан мен Түркиядан көрермендер арнайы келген.

Айта кетелік, Садраддин Болат еліміздегі жас әншілердің бірі. Ол "Бөлексің" әні арқылы жастар арасында кеңінен танылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036257-on-myn-adamga-koncert-bergen-sadradinnin-setelden-saqyrgan-zuldyzdy-qonagy-kelmei-qaldy/

pixel