Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Толқып жүрміз": Абай Бегей ұлының "тәтті шайы" қалай өткенін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей
Абай Бегей. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Күні кеше Абай Бегей отбасылық қуанышын көпшілікке бөлісіп, жақында келін түсіретінін айтқан болатын. Өнер иесі бұл жолы оқырмандарына ұлының құдалығы қалай өткенін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Осындай маңызды күнде құттықтап жатқан барша халқыма алғысым шексіз. Тойдың алдындағы қарбаласпен толқып жүрміз. Құдалығымыз мың жылдық болғай.

Ұлыңның үлкен өмірге қадам басып, отағасы болатыны бөлек сезім екен. Қадамдары оң болсын, Аллаға шүкір", - деп жазды Абай Бегей Instagram парақшасында.

Айта кетейік, күні кеше Абай Бегейдің ұлы сүйіктісіне үйленуге ұсыныс білдірді. Әншінің ұлының таңдауы хиджабтағы аруға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036365-tolqyp-zurmiz-abai-begei-ulynyn-tatti-saiyn-korsetti-video/

pixel