Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күшік күйеу": әнші Qanay қайын жұртына барғаны үшін сынаған көпшілікке жауап берді (фото)

Жарияланған күні:

Нұрболат Қанай жұбайымен
Нұрболат Қанай жұбайымен. Фото: instagram.com/izimov_studio

Көпшілікке Qanay лақап есімімен танылған әнші Нұрболат Қанай жақында шаңырақ көтерді. Өнер иесі өзін қайын жұртына барғаны үшін сынаған көпшілікке Instagram парақшасында жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кей адамдар бар. Қайын жұртқа барғанымды намыс көріп, "Күшік күйеу" дейді. Неге сонша ақылдарың таяз? Қайын жұртқа баруды намыс көретін біртүрлі түсінік бар. Тәкаппарлар", - деп жазды Нұрболат Қанай.

Айта кетейік, әнші жақында шаңырақ көтерген болатын. Ол алдымен мұсылманша неке қидырып, кейін келіншегін ұзатып алды.

Осыдан кейін Нұрболат Қанайдың таңдауы түскен арудың Жетісай өңірінен екені белгілі болды.

Сонымен қатар әнші жұбайымен түскен суретті желіге жариялап, көпшілікке сүйіктісін көрсетті.

Qanay сторис
Qanay сторис. Скриншот: instagram.com/qanay.913

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036376-kusik-kuieu-ansi-qanay-qaiyn-zurtyna-bargany-usin-synagan-kopsilikke-zauap-berdi-foto/