Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың кенже інісі белгісіз арумен көзге түсті (видео)

Опубликовано:

Заңғар Нұртас
Заңғар Нұртас. Фото: tiktok.com/@zangaar_zik

Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртастың әлеуметтік желіде белгісіз арумен билеген видеосы тарады. Ол осыдан бір жыл бұрын ажырасқан болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Танысқан сәттен", - деп жазды әншінің кенже інісі TikTok парақшасында.

Ал желі қолданушылары Заңғар Нұртасқа бақыт тілеп, жылы лебізін жаудырған.

"Бақытты бол", "Саған осындай қыз жарасады", "Жарасымды жұп", "Жібекке обал болды", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың басында Заңғар Нұртас әйелі Жібекпен ажырасып кеткенін мәлім еткен еді.

"Ажырасқанымызға бес ай болды. Қазір оқырмандардың көбісі "Түрі суық, мынадай келін болды" деп айтады. Ондай келін болған жоқ. Жақсы келін болды. Бәрі керемет болды. Сыйластығымыз қазір де жақсы. Бірақ, сондай жағдай болып қалды. Оған нақты не себеп болғанын айта алмаймын, ол жеке нәрсе. Бастарыңызға бермесін", - деді Заңғар Нұртас.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036382-qairat-nurtastyn-kenze-inisi-belgisiz-arumen-kozge-tusti-video/

pixel