"Аға-апаларым пайдаланып кетті": Қуандық Рахым белгілі тележобада қандай қиындыққа тап болғанын айтты
Жарияланған күні:
Қуандық Рахым "Қазақстан дауысы" жобасында алғаш рет тәлімгер атанды. Әнші бұл міндетті орындау кезінде тәжірибесінің жоқтығы байқалатынын айтты, деп хабарлайды "Таңшолпан" бағдарламасы.
"Негізі, "Қазақстан дауысы" жобасына тәлімгер болу туралы ұсыныс түскенде мен бас тарттым. Себебі 4-5 жыл бұрын танылған әнші қалай тез тәлімгер болып кетеді деп ойладым. Мендегі жауапкершілік сондай өзі... Бірақ ақылдаса келе, бұл мүмкіндікті пайдалануды жөн көрдім.
Қасымда отырған тәлімгерлерім бұл бағдарламада болған. Тәжірибесі бар, қай кезде бұрылу керкетігін білмеді. Кульминациясына дейін тыңдап отырады. Менде басында әнді күшті бастаса, бірден бұрылатын сәттер болды. Кейін айналама қарап, үйреніп, мен де тыңдайтын болдым.
Бәсекелестік, әлбетте, сезіледі. Сосын біздің тәжірибесіздігімді пайдаланып, менімен бірге отырған әріптестерім, аға-апаларым менің асығыстық шешімімді қуана қабылдап отырғандай сезімдер болды. Бас жағында.
Таласып жатырмыз, шыны керек", - деді Қуандық Рахым.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036407-aga-apalarym-paidalanyp-ketti-quandyq-raxym-belgili-telezobaga-qatysty-pikirin-aitty/