"Өзің себепші болдың": Ерлан Орынбасаров жұбайына жантебірентерлік жазба арнады (видео)
Жарияланған күні:
Отандық жұлдызды жұп Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева 2014 жылы шаңырақ көтерген. Әнші жұбайы Баян жайлы желіде жантебірентерлік жазба жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Әндерімнің шығуына өзің себепші болдың. "Бақыт кемесі" бізді әдемі әлемінде тербете берсін. Сендей сұлу "Менде ғана" бар", - деп жазды Ерлан Орынбасаров Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Баян Нұрмышева мен Ерлан Орынбасаровтың үйленіп алғандары жайлы қауесет ақпарат 2014 жылдың 31-желтоқсан күні яғни Баянның туған күні тарай бастаған еді. Кейін бұл ақпаратты Баян Нұрмышева әлеуметтік желіде растады.
Сонымен қатар Баян Нұрмышева өзінен үш жасқа кіші Ерлан Орынбасаровқа 2015 және 2017 жылдары екі ұл сыйлады. Сондай-ақ Баян Нұрмышеваның бірінші некесінен бір ұлы бар.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ерлан Орынбасаров әйелінің екі ұлын босанған сәтінде жанында болғанын баяндап берген еді.
Ал желі қолданушылары жұлдызды жұпқа бақыт тілеп, жылы лебізін жаудырды.
"Бақытты болыңыздар", "Жарасымды жұп", "Әдемі жұп", "Ұлдардың қызығын көруді жазсын", - деп жазды желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036523-ozin-sebepsi-boldyn-erlan-orynbasarov-zubaiyna-zantebirenterlik-zazba-arnady-video/