Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шетелге емделуге кетті": әнші Бағдат Сәмединова ел арасында тараған өзі жайлы қауесетке жауап берді

Опубликовано:

Бағдат Сәмединова
Бағдат Сәмединова. Скриншот: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Әлеуметтік желіде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Бағдат Сәмединованың сырқаттанып қалғаны жайлы ақпарат тараған. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген өнер иесі ел көкейіндегі сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Соңғы уақытта сіз туралы көп әңгіме жазылады. "Сырқаттанып қалды", "Шетелге емделуге кетті" дейді. Алаңдап қалғанымыз рас. Көрермендер де сұрап жатыр. Осы ақпарат рас па?", - деп сұрады.

Ал әнші Бағдат Сәмединова сырқаттанып қалғанын растады.

"Болады енді, сырқаттанасың. Жазыласың. "Ауырдым, аунап тұрдым" деп жатады ғой. Сол сияқты, қазір жақсымын. Кішкене ауырып қалдым", - деді Бағдат Сәмединова.

Айта кетейік, Бағдат Сәмединова көпшілікке "Отырардағы той", "Сарыарқа", "Туған жерім", "Наурыз" әндерімен танымал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036721-setelge-emdeluge-ketti-ansi-bagdat-samedinova-el-arasynda-taragan-ozi-zaily-qauesetke-zauap-berdi/

pixel