"Ілесе алмай қалды": әнші Бағдат Сәмединова екі қызының әкесі жайлы айтты
Жарияланған күні:
Әнші, Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс Бағдат Сәмединова отбасы жайлы құпиясын бөлісті. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген өнер иесі екі қызының әкесі жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Менің екі қызым бар. Екеуі де өнерді қумады. Бірақ өнердің айналасында, медиа саласында. Немерем бар. Ол сурет салуға құмар. Қазір колледж оқып жатыр. Әнді таңдаған жоқ. Тағы бір немерем мектепте оқиды. Кішкентайында менімен сахнаға шығып жүрді. Қазір сүйрелесең де, айтпайды", - деді Бағдат Сәмединова.
Сонымен қатар өнер иесі осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде жазған жазбасына қатысты да түсіндіре кетті. Әнші желіде "Мен өмірге құштар болдым. Екі қызды тәрбиелеп, өсірдім. Батылдығым мен қайсарлығыммен қыздарымды өсірдім. Өзім де жеттім. Ал ол кісі соған ілесе алмай қалды" деп жазған.
"Біз шығармашылық адамы сезімталмыз. Ылғи жаңалыққа құштар боп, алға қадам басып отыруымыз керек. Кей адам момын күйі қалып қояды ғой. Аса ондайды қаламайды. Ол да күйші, домбырашы болатын. Бірақ сол қалпында қалды.
Мен енді алдыға шықтым. Ол мектепте қазір сабақ беріп жүр. Аман-сау. Сонымен қалды", - деді әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036732-ilese-almai-qaldy-ansi-bagdat-samedinova-eki-qyzynyn-akesi-zaily-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.