Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір-бірін жақсы көреді": Айжан Байзақова күйеуін сынайтын хейтерлеріне жауап берді (видео)

Жарияланған күні:

Айжан Байзақова
Айжан Байзақова. Фото: instagram.com/bayzakova

Танымал блогер Айжан Байзақова былтырғы жылы күзде тұрмысқа шықты. Тұңғыш ұлы күйеуін "әке" деп атағанын сынайтын көпшілікке блогер Instagram парақшасында жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Нұрбекті Аланның қалай атағанын дұрыс көретін және олардың махаббатына күмәнданатын адамдар бар.

Нұрбек іс жүзінде өзін дәлелдей алғандықтан, Алан оны "әке" деп атауды өзі шешті. Олар бір-бірін жақсы көреді. Өзгелер түгілі, тіпті мен олардың қарым-қатынасына араласпаймын", - деп жазды Байзақова.

Видеодан Байзақованың қазіргі күйеуінің блогердің бірінші баласына қалай қамқорлық танытатынын байқауға болады.

Айта кетейік, Айжан Байзақова жақында екінші рет сәбилі болмақ. Блогер гендер-пати жасап, екінші нәрестесінің де ұл болатынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036768-bir-birin-zaqsy-koredi-aizan-baizaqova-kuieuin-synaityn-xeiterlerine-zauap-berdi-video/