jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Өмірімді жүз пайыз өзгерткен жан": Мәдина Сәдуақасова болашақ жарымен танысуына кім себеп болғанын айтты

    Мәдина Сәдуақасова эфирде
    Мәдина Сәдуақасова. Скриншот: "Жібек жолы" арнасы

    Әнші Мәдина Сәдуақасова өміріне үлкен жаңалықтар алып келген құрбысы туралы сыр шертті. Бұл туралы "Мархабат" жобасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мәдина Сәдуақасова танымал продюсер Айнұр Көпбасарова туралы кеңінен әңгімеледі. Ол әнші Сәдуақасованың телевизия әлеміне келуіне тікелей себепкер болған.

    "Өмірімді түбегейлі, жүз пайыз деп айтуға да болады, өзгерткен - осы Айнұр. Жүргізуші ретінде таныстырған, менің өміріме жаңалықтар алып келген... Мен жолдасым Олжаспен сол Айнұрдың бағдарламасында таныстым. "Таң қалмаңыз" бағдарламасында Олжас режиссердің көмекшісі болды, жас бала. Айнұр ұлымның кіндік шешесі. Мен өмірге қыз келеді деп ойладым. Қызды болсам, атын Айнұр қоямын дегем. Ұлымның атын да Айнұрға ұқсатып, Ануар деп қойдық", - деді Мәдина Сәдуақасова.

    Әнші мен продюсердің достығына 20 жыл толған.

    "Мен Мәдинаны қызметкер, жүргізуші емес, сіңлі ретінде қарадым. Ол маған әпке ретінде бағынды. Өзімнің туған сіңлім жоқ. Мәдина сияқты сіңлі берді Алла. Інімнің де қыздары туылды. Мәдинаға құрбыдан гөрі, сіңлі ретінде қараймын", - деді Айнұр Көпбасарова.

    "Өмірімді жүз пайыз өзгерткен жан": Мәдина Сәдуақасова болашақ жарымен танысуына кім себеп болғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.