Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кімнің бақыты болдыңыз": ақ көйлек киген Ақбота Сейтмағамбет желіде қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Ақбота-Нұр
Ақбота-Нұр. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Отандық актриса Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желіге ақ көйлекпен түскен суретін жариялады. Желі қолданушылары өнер иесінің жаңа фотосына түрлі пікір білдіруде, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әлемдегі ең нәзік дүниені сұрасаңыз, әйел затының махаббаты дер едім. Әйел - бағалағанның басына қонған бағы. Қыз баласы шыр етіп дүниеге келген отбасын, есейгенде сыңарын, барған жерін шаттыққа бөлейді. Осыған қарап-ақ қыздың бұл өмірдегі орны тек қуаныш, махаббат сезіндіру екенін түсіну қиын емес.

Дегенмен, бір нәрсені ескерген артық болмас. Су жұмсақ әрі нәзік болса да, тау қопарады. Тырсылдап аққан жұмсақ тамшы да тас теседі. Оның нәзік қасиетін сақтауға дем берейік, жұмсақ жаны қатаймасын", - деп жазды Ақбота Сейтмағамбет Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары актрисаның бұл суретін жарыса талқыға салған. Тіпті Ақбота Сейтмағамбеттің оқырмандары арасында оны тұрмысқа шыққалы жатыр деп болжағандар да бар.

"Тұрмысқа шыққалы жатыр ма?", "Сұлулықтың символы", "Бақытты ететін азамат жолықсын", "Кімнің бақыты болдыңыз?", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, жақында тұңғыш ұлын бірінші сыныпқа берген Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желіде бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұловпен түскен суретін жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037010-turmysqa-syqqaly-zatyr-ma-aq-koilek-kigen-aqbota-seitmagambet-zelide-qyzu-talqyga-tusti-foto/

pixel