Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздар әкесінің көшірмесі": әнші Сейфуллин Жолбарыс көпшілікке отбасын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Сейфуллин Жолбарыс жұбайы Екатеринамен
Сейфуллин Жолбарыс жұбайы Екатеринамен: instagram.com/s_zholbarys_official

Отандық әнші Сейфуллин Жолбарыс көпшілікке әйелі мен қос қызын көрсетті. Өнер иесі Instagram парақшасында отбасымен түскен суретін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өмірімнің мәні де, сәні де - сендер", - деп жазды әнші.

Әнші желіге жүктеген суреттен Сейфуллин Жолбарыс пен жұбайы Екатеринаны және екі қызын көруге болады.

Желі қолданушылары әншінің отбасына жылы лебізін жаудырды.

"Бақытты болыңыздар", "Катя қызымыз қазақ келіндерінен кем емес", "Отбасыңыз керемет", "Қыздар әкесінің көшірмесі екен", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Сейфуллин Жолбарыстың бірінші некесінен бір қызы мен бір ұлы бар.

Әнші бірінші некесінен туған ұлы Бейбарыс пен қызы Жұлдыздың да суретін әлеуметтік желіге жиі жүктеп тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037012-qyzdar-akesinin-kosirmesi-ansi-seifullin-zolbarys-kopsilikke-otbasyn-korsetti-foto/

pixel