Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолы жеткеннен кейін басқаша болады екен": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов жайлы ел білмейтін шындықты айтты

Жарияланған күні:

Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділов
Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділов. Фото: "Алғашқы" бағдарламасы

Әнші Мақпал Жүнісова күйеуі Заманбек Нұрқаділов жайлы ел білмейтін шындықты баяндап берді. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында күйеуінің қызғаншақ болғанын ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Киім кию жағынан өте қатал болды. "Қазақы болуың керек", "Басыңа киген бас киімің әдемі болуы керек" деп, өзі стилист болып кетті. Суретті жақсы салатын еді ғой. Репертуарымның бәрін қадағалап отыратын болды. Бір жаманы, гастрольдік сапарға жібермейтін болды. Қызғанды. Қызғаншақ болып кетті.

Басында олай айтпаған еді. "Өнерің тоқтамайды. Барлық жағдайыңды жасаймын" деген. Бірақ, қолы жеткеннен кейін басқаша болады екен", - деді Мақпал Жүнісова.

Сонымен қатар әнші Заманбек Нұрқаділовке қарсы шыға алмағанын және күйеуінің тәртібіне бағынғанын ашып айтты.

"Мен ол кісіге қарсы шыға алмадым. "Байдан қайтып келді" дегеннің несі жақсы деп ойладым. Күйеуден қайтып келді дегеннің несі жақсы? Тастап кетсе, жаман әңгіме шығады ғой. "Зәкең Мақпалды пайдаланып, пайдаланып тастап кетті" десе, жаман ғой. Сондықтан мені тастамасын, не айтса, соның бәріне көнейін дедім. Бәріне көндім. "Бармайсың" десе, бармадым. Отыр десе, отырам, жат десе, жатам. Солай жүрдім ғой", - деді жан сырын ақтарған Мақпал Жүнісова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037066-qoly-zetkennen-keiin-basqasa-bolady-eken-maqpal-zunisova-zamanbek-nurqadilov-zaily-el-bilmeitin-syndyqty-aitty/