Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйі болған жоқ": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов өзіне бір сөмкемен келгенін мәлім етті

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділов
Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділов. Фото: "Алғашқы" бағдарламасы

Әнші Мақпал Жүнісова күйеуі Заманбек Нұрқаділов үйін, көлігін және саяжайын бұрынғы әйелі мен екі баласына қалдырып, өзіне бір сөмкемен келгенін ашып айтты. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында ел білмейтін құпиясын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ол кісінің үйі болған жоқ. Әйелі мен екі баласына үйін, көлігін, саяжайын қалдырып, бір сөмкемен келді. "Кеттік. Орманның ортасында жалға алған жерге барамыз" деді. Содан тау жаққа барып, тұрдық. Биіктігі 30 метрдей, іші сұп-суық. Түнімен біреу келіп, сені қылқындырады. Сөйтсе, сол жерде адамдарды қинаған екен.

Дірілдеп, қалдырап Зәкеңнің жанында жеті ай отырдым. Өте қиын болды", - деді Мақпал Жүнісова.

Айта кетейік, осыған дейін Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Нұрқаділов жайлы ел білмейтін сырын бөліскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037067-uii-bolgan-zoq-maqpal-zunisova-zamanbek-nurqadilovtin-ozine-bir-somkemen-kelgenin-malim-etti/

pixel