Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өліммен тең": Мақпал Жүнісова күйеуі қайтыс болғанда өзіне 3 жылға жуық сахна берілмегенін айтып, көзіне жас алды

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Скриншот: "Алғашқы" бағдарламасы

Әнші Мақпал Жүнісова күйеуі Заманбек Нұрқаділов өмірден өткеннен кейін басынан кешкен қорлығын баяндап берді. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында жұбайының қазасынан соң үш жылға жуық уақыт бойы сахнадан аластатылғанын айтып, көзіне жас алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тосқауыл көп болды. Үш жылдай маған сахна берілмеді. Сол мен үшін өліммен тең десем де болады. Сол кезде көп сүріне бастадым. Анам бар ғой. Жанына барып, жыласам, "Қызыңды ойла. Қызды өсір. Ертең сені Заманбектің әруағы кешірмейді, қызды өсірмесең" деді. Қызым алданыш болып, мектебіне апарып жүрдім.

Бәрі өтті. Түңілуге болмайды екен. Жылап, жылап алуға болады. Сүрінбеуге тырысу керек. Тек алға деу керек", - деді көзіне жас алған Мақпал Жүнісова.

Айта кетейік, осыған дейін Мақпал Жүнісова күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің қызғаншақ болғанын ашып айтқан болатын. Өнер иесі күйеуінің гастрольдік сапарларына шектеу қойғанын және репертуарының барлығын қадағалап отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар әнші күйеуінің өзіне қалай және қашан ғашық болғанын да баяндап берді.

"...Сөзінде тұрды. Сөзінде тұрғаны құрсын, бір бөлмелі пәтер беріп, артымнан қалмай қойды. Көмекшілерін гүлмен, тәттімен жібереді. "Жігітім бар ғой. Бара алмаймын" деп қайтарып жіберемін. Сөйтіп жүргенде жігітім жоқ боп кетті", - деген болатын Мақпал Жүнісова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037068-olimmen-ten-maqpal-zunisova-kuieui-qaitys-bolganda-ozine-3-zylga-zuyq-saxna-berilmegenin-aityp-kozine-zas-aldy/

pixel