Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алғашқы махаббатымды ұмытқан жоқпын": Мақпал Жүнісова бір әнін бұйырмаған ғашығына арнағанын айтты

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Әнші Мақпал Жүнісова алғашқы махаббаты жайлы сыр шертті. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында махаббатының бұйырмағанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алғашқы махаббатымды әлі ұмытқан жоқпын. Үшінші сыныпта оқып жүргенде, бесінші сынып оқитын Қанат деген бала болды. Өте сымбатты, сұлу бала болатын. Сол махаббатым маған ақыры бұйырмады.

Мен "Гүлдер" ансамбліне жаңадан келгенде, ол әскерден оралды. Ол маған досын жіберіпті. "Қанат сізге тез келсін" деп жатыр деді. "Мен ансамбльге жаңадан келдім. Кішкене болсын еңбек етейін. Бір жылдан кейін жазда барамын, үйленеміз" дедім. Сөзімді бердім. Бір жыл күтсін дедім. Шыдамады ғой", - деді Мақпал Жүнісова.

Сонымен қатар өнер иесі бір әнін алғашқы махаббаты Қанатқа арнап айтқанын жеткізді.

""Кетсең де шалғай" деген әнімді сол Қанатқа арнап айтқанмын. "Кетсең де шалғай" деп жылап тұратын едім ғой. Ол кісі бес жыл бұрын марқұм боп кетіпті. Баласы хабарласады. "Мен Қанаттың баласы едім. Әкемнің аманаты еді" деп маған жеткізді. Әкесі "Мен өмірден өткенде, Мақпалға айт" депті. Әлі күнге дейін ол кісінің альбомында суреттері, хаттары сақтаулы", - деді Мақпал Жүнісова.

Айта кетейік, осыған дейін Мақпал Жүнісова күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің қызғаншақ болғанын ашып айтқан болатын. Өнер иесі күйеуінің гастрольдік сапарларына шектеу қойғанын және репертуарының барлығын қадағалап отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар өнер иесі марқұм күйеуінің бірінші отбасы жүйкесін тоздырғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037069-algasqy-maxabbatymdy-umytqan-zoqpyn-maqpal-zunisova-bir-anin-buiyrmagan-gasygyna-arnaganyn-aitty/

pixel