Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қымбат емес": әнші Нұржан Қалжан гонорарының қанша екенін айтты

Опубликовано:

Нұржан Қалжан
Нұржан Қалжан. Фото: instagram.com/nurzhan_halzhan

Әнші Нұржан Қалған тойға шыққаны үшін қанша гонорар сұрайтынын ашып айтты. Өнер иесі бұл жайлы "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сахнаға шықпай кеткен уақытта да мені қазағымыздың тойы, өнерді сүйетін тыңдарманы өлтірген жоқ. Он жыл сахнаға шықпай кетсем де, тек тойда жүріппін. Тойдан қалған жоқпын.

Менің гонорарым Алматының ішінде қымбат емес. 150-200 мың теңге. Сол сомаға бір рет шығамыз. Үш немесе төрт ән айтылады. Ал той көңілді, жақсы өтіп жатса, 4-5 ән айтамыз", - деді Нұржан Қалжан.

Естеріңізге сала кетейік, әнші Нұржан Қалжан бірнеше жыл бұрын танымал журналист Руслан Бөлебаймен бірге жол апатына түскен. Өнер иесі журналист қайтыс болған жол апаты жайлы бар шындықты айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037218-qymbat-emes-ansi-nurzan-qalzan-gonorarynyn-qansa-ekenin-aitty/

pixel