Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түрмеде отырар едім": Сейфуллин Жолбарыс әнші Бақыт Шадаевамен арадағы пәтер дауына қатысты әңгімеге нүкте қойды

Опубликовано:

Сейфуллин Жолбарыс
Сейфуллин Жолбарыс. Скриншот: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Бұдан бірнеше ай бұрын әнші Бақыт Шадаева әріптесі Сейфуллин Жолбарыспен араласпай кеткенін, оған Сейфуллиннің өзінен пәтер сатып алып, артынша ақшасын бермей қоюы себеп болғанын мәлімдеген еді. Сейфуллин Жолбарыс "Ұйқым келмейді" бағдарламасында ел арасында тараған осы әңгімеге нүкте қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Негізі бәрі бос әңгіме. Бұл бір жағынан жақсы болды, өзі де, мен де танымал болып жатырмыз. Арамызда үй де, талас та болған жоқ. Бақыт өзі хайп жасайын деді ме, білмеймін. Кезінде жақсы жұмыс істегенбіз. Бақытқа көп әндер жаздық. Көп жұмыс істеп, халықаралық конкурстан орын алып жүргенбіз.

Бұл әңгіме басталған кезде, жанында жүрген продюсерлері айтты деп ойлаймын. "Үйімді тартып алды", "Ақшасын бермей кетті" деген бос әңгіме. Ешкім ешкімге қарыз емес. Шын мәнінде Бақытқа қарыз болсам, қазір түрмеде отырар едім. Алаяқтық болған емес. Еңбек еткенім рас. Бақыттан ешқашан үй алған емеспін", - деді Сейфуллин Жолбарыс.

Сонымен қатар Сейфуллин Жолбарыс әнші Бақыт Шадаевамен араласпайтынын айтты.

"Араласа алмаймыз. Араласу үшін оның күйеуі болуы керек. Мен оның күйеуімен дос болуым керек. Әйел мен еркек дос болмайды ғой. Сондықтан мен күйеуі жоқ әйелдердің жанына ешқашан дос боп бармаймын. Шығармашылық та тоқтаған. Себебі, Бақыт басқа композитормен жұмыс істеп кетті", - деді Сейфуллин Жолбарыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037219-qazir-turmede-otyrar-edim-seifullin-zolbarys-ansi-baqyt-sadaevamen-aradagy-pater-dauyna-qatysty-angimege-nukte-qoidy/

pixel