Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанель Мақажан мен Абай Асылханның жаңа туған қызына қандай есім қойғаны белгілі болды (фото)

Опубликовано:

Жанель Мақажан күйеуімен
Жанель Мақажан күйеуімен. Фото: instagram.com/janellemakajan

Жұлдызды жұп Жанель Мақажан мен Абай Асылхан бірнеше күн бұрын қызды болды. Актер мен актриса нәрестесіне қандай есім бергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Шүкір, әке атандым. 17 қыркүйек күні, сағат 18:04-те Асылхан Мариям Абайқызы дүниеге келді. Қош келдің, қызым. Рахмет, аманатым. Мен сені сүйемін", - деп жазды Абай Асылхан Instagram парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін Абай Асылхан әйеліне босану кезінде серіктес болғанын баяндап берген болатын.

Желі қолданушылары жұлдызды жұптың қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді.

"Бауы берік болсын", "Бақытты болыңыздар", "Инабатты қыз болып өссін", "Сіз үшін шын жүректен қуаныштымын", "Шаңырақ шаттық пен қуанышқа толсын", - деп желідегілер тілектестігін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037369-zanel-maqazan-men-abai-asylxannyn-zana-tugan-qyzyna-qandai-esim-qoigany-belgili-boldy-foto/

pixel