Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алғашында инфаркт алып еді": тележүргізуші Анна Данченконың анасы тағы да ауруханаға түсті (фото)

Опубликовано:

Анна Данченко
Анна Данченко. Фото: instagram.com/ann_2905

Тележүргізуші Анна Данченко анасының денсаулығы сыр беріп, тағы да ауруханаға түскенін айтты. Оның айтуынша, анасы бұл жолы инсульт алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Анамның 1,5 айда үшінші рет ауруханаға түскені жаныма батады. Қиналғанын көргенде, өзіңді қоярға жер таппайсын. Алғашында инфаркт алып, ота жасалған еді. Екінші мәрте "Өкпесіне су жиналды" деп, ауруханаға қайта түсті. Ендігі сынақ - инсульт.

Мен күнделікті жұмыста, түсірілімде жүрсем де, анам өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем көмегіне мұқтаж болғанда, жанынан табылдым. Алланың қалауымен, сол сәтте жұмыстан үйге келіп, анама қолдан келгенше көмектесе алғаныма қуанамын.

Қазір анам ем қабылдап жатыр. Оған да, маған да оңай емес. Бала күннен мінезім сондай-ау, бәрін жүрегіме жақын қабылдаймын. Әсіресе, ата-анамның денсаулығы мен үшін қашанда бірінші орында. Әлсіз болуға менің құқығым жоқ. Анамды емдеп, аяққа тұрғызуым керек", - деп жазды Анна Данченко Instagram парақшасында.

Анна Данченко сторис
Анна Данченко сторис. Сккриншот: instagram.com/ann_2905

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037528-algasynda-infarkt-alyp-edi-anna-dancenkonyn-anasy-tagy-da-auruxanaga-tusti-foto/

pixel