Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орамал тағып, сәлем салмаймын": жақында тұрмысқа шыққан Индира Еділбаева қандай келін екенін айтты

Жарияланған күні:

Индира Еділбаева
Индира Еділбаева. Фото: instagram.com/indi_edilbayeva

Әнші әрі актриса Индира Еділбаева тамыз айында тұрмысқа шыққан болатын. Өнер иесі Revue News бағдарламасында келіндік өмірі жайлы сыр шертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қатты өзгеріс жоқ. Себебі, біз бөлек тұрамыз. Ас пісіріп, кір жуу, киім үтіктеу маған ұнайды, Біріншіден, бұл махаббатпен жасалады. Екіншіден, әйелдік энергияны сезінуден рахаттанамын. Орамал тағып, сәлем салмаймын. Ондай жоқ", - деді Индира Еділбаева.

Естеріңізге сала кетейік, әншіге биыл сәуір айында Балиде әншінің сүйіктісі танымал менеджер Камалдин Камирдинов үйленуге ұсыныс жасаған болатын.

Ал тамыз айында Индира Еділбаева Камалдин Камирдиновке тұрмысқа шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037538-oramal-tagyp-salem-salmaimyn-zaqynda-turmysqa-syqqan-indira-edilbaeva-qandai-kelin-ekenin-aitty/