Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдалар оңтүстіктікі": Гүлзира Айдарбекованың күйеуі кіші ұлының "тәтті шайын" өткізгенін айтты

Опубликовано:

Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Айдарбекова
Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Айдарбекова. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар Нұртас жақында көпшілікке жаңа сүйіктісін таныстырған болатын. Продюсердің жұбайы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында кіші ұлының "тәтті шайы" өткенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аллаға шүкір. Адамнан жасыра алмайсың ғой. Құдай қаласа, той болып қалады деген үміттеміз. Тәтті шай іштік. Құдай қаласа, бәрі дұрыс болатын шығар. Ертеңгі нәрсені айтудың өзі қиын болып қалды ғой. Дегенмен, үмітсіз емеспіз.

Құпия ештеңе емес. Балаңның басы екеу болып жатса, қуаныш қой. Құдалар оңтүстік өңірдікі", - деді Нұртас Айдарбеков.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбековтің кіші ұлы Заңғар көпшілікке сүйіктісін таныстырған болатын.

Заңғар Нұртас осыдан бір жыл бұрын ажырасты. Оның бұрынғы әйелі Жібек те әлеуметтік желіде жеке өмірін талқыға салмауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037645-qudalar-ontustiktiki-gulzira-aidarbekovanyn-kuieui-kisi-ulynyn-tatti-saiyn-otkizgenin-aitty/

pixel