Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт балам бар": актер Әбілмансұр Серіков әлі күнге пәтер жалдап тұратынын айтты

Опубликовано:

Әбілмансұр Серіков
Әбілмансұр Серіков. Фото: Тимур Балымбетов бағдарламасы/Youtube

Көпшілікке отандық телехикаялар арқылы танылған актер Әбілмансұр Серіков көпбалалы әке екенін айтты. Өнер иесі Тимур Балымбетовке берген сұхбатында әлі күнге пәтер жалдап тұратынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Төрт балам бар. Табысым шүкір, жеткілікті. Әр баланың өз несібесі бар. Мен енді былтырға дейін 12 шаршы метр жатақханада тұрдым. Бірақ соған бәрі сыятын. Қазір 44 шаршы метрге ештеңе сыймайды. Төртінші балам дүниеге келді, уақытша жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына өттік. Ұлымның несібесі. Құдай соның несібесін беріп тұр. Ол болмаса, әлі жатақханада тұра беретін бе едік?!

Қимылдаймыз ғой. Бірақ баспана мәселесі өте қиын. Қымбат. Жөндеу жұмыстарын істейін десең, құрылыс заттары қымбат. Пәтер алайын десең, жақсы жерде орналасқаны қымбат. Қаланың шетінен алайын десең, алыс, сапасы ұнамайды. Сондықтан әр баланың өз несібесі бар. Табыс жеткілікті. Ниетің түзу болса, Алла өзі несібесін беріп отырады. 2017 жылдан бері жатақханада тұрдым. Әйеліммен бір спектакльге түсеміз. Әйелім түсінеді", - деді Әбілмансұр Серіков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037647-tort-balam-bar-akter-abilmansur-serikov-ali-kunge-pater-zaldap-turatynyn-aitty/

pixel