Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кинода және өмірде": қалыңдық көйлегін киген Сара Амангелді көпшілікті қызықтырып қойды (видео)

Опубликовано:

Cара Амангелді
Cара Амангелді. Фото: instagram.com/amangeldieva_sara

Актриса Сара Амангелді оқырмандарын қалыңдық бейнесіндегі образымен таңғалдырды. Желідегілер өнер иесінің жаңа суретін қызу талқыға салуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кино ма әлде шын өмір ме?", "Әр қазаққа Сарадай келін бұйырсын", "Бағың ашылсын", - деп жазды желідегілер.

Ал Сара Амангелді желі қолданушысының сұрағына жауап беріп, ақ көйлекті кинода да, өмірде де кигелі жатқанын жазды.

"Бұйырса, кинода және өмірде", - деп жауап берді актриса Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін актриса ел білмейтін құпиясын бөліскен болатын. Өнер иесі бала күнінен құлағының дерті бар екенін және екі рет ота жасалғанын ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037671-kinoda-zane-omirde-qalyndyq-koilegin-kigen-sara-amangeldi-kopsilikti-qyzyqtyryp-qoidy-video/

pixel